Әлеумет

Ақтөбеде дүниеге келген нәрестелерге Абай есімі берілді

Оның екеуіне ұлы ойшыл Абай есімі қойылды.

Бүгін жас аналар Айзана мен Ақгүлді нәрестелерін дүниеге әкелген күнімен құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Әсет Оралбаев перзентханаға барды. Шаһар басшысының атынан домбыра сыйға тартты.

Абайлардың біріншісі таңғы 5:15-те, ал екіншісі Абай Абайбекұлы екі сағаттан кейін – 7:00-де дүние есігін ашқан. Бір қызығы, екеуі де – тұңғыш.

Айтып өтейік, бүгін Абай күнінде ақтөбелік дәрігерлер 21 ұл мен 14 қыз баланың туылына себепкер болды.