дүйсенбі, 11 тамыз, 2025 15:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ауғанстанда тәліптер әйелдерге арналған сұлулық салондарын жаппай жаба бастады

Ауғанстанда тәліптер әйелдерге арналған сұлулық салондарын жаппай жаба бастады
Фото: Tolo News
Кабулда тәліптер сұлулық салондарындағы жабдықтарды қиратып немесе тәркілеп отырған.

Куәгерлердің айтуынша, тәліптер Ауғанстан астанасындағы ғимараттарды тексеріп, ішінде әйелдерге арналған сұлулық салоны болса, қиратып кеткен.

"Бұған дейін шаштараздарда шамамен 60 мың әйел жұмыс істейтін. Олардың көбі отбасындағы негізгі асыраушылар", – делінген материалда.

Өткен жылдың соңында тәліптер ауған әйелдеріне дәрігер мен медбике мамандығына оқуға тыйым салды. Бұл оқу орындары әйелдерге жоғары білім алудың соңғы мүмкіндігі болатын, себебі 2022 жылғы желтоқсанда "Талибан" оларды университеттерге кіргізуге де тыйым салған.

2021 жылдың тамызында "Талибан" Ауғанстандағы билікті қайта өз қолына алып, Ислам Әмірлігін қалпына келтірді. Олар ел аумағын Батыс коалициясы әскерін әкеткен сайын біртіндеп бақылауға алды. Бұған дейін, 1996-2001 жылдары да "Талибан" Ауғанстанда билік құрған, бірақ көпшілік елдер оны мойындамаған. 2001 жылы бұл режим Батыс елдерінің қолдауымен құлатылған.

2020 жылғы ақпанда АҚШ пен "Талибан" Қатардың Доха қаласында бейбітшілік процесін бастауға бағытталған келісімге қол қойған. Бұл келісімге сәйкес, Батыс әскерін елден әкетуі тиіс еді, ал талибтер "Әл-Қаидамен" (Ресейде тыйым салынған) байланысын үзетінін және Ауғанстанның ресми үкіметімен келіссөздер бастайтынын мәлімдеген. Алайда келіссөздер басталмай қалды: 2021 жылы талибтер елді бақылауына алған кезде президент Ашраф Ғани БАӘ-ге қашып кеткен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар