Атырау облысында 2 жасар сәби кір жуғыш машинаға қыстырылып қалған
Атырау облысы Құрманғазы ауданында 2 жасар сәби кір жуғыш машинаның ішіне кіріп, қайта шыға алмай қалған. Оқиға Құрманғазы ауылында тіркелді.
"Атырау облысы Құрманғазы ауылында 2 жасар сәби ойнап жүріп кір жууғыш машинаға қыстырылып қалған. Баланы өздігінен шығара алмаған анаға құтқарушылар дереу көмекке келіп, сәбиді жұбатып, жабдықтан сәтті шығарып алды. Балақай зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге ведомство өкілдері ата-аналарға үндеу жасап, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.