Терезеден балаларын лақтырған әйелді полицей қарауылдауда
Павлодларда терезеден балаларын лақтырған әйелді полицейлер қарауылдауда.
Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, әйел жатқан аурухана палатасы тәулік бойы бақылауда.
Полиция өкілдері павлодарлық әйелдің көршілері айтқан мәліметті де растады. Олардың айтуынша, әйел бір жыл бұрын да бес қабатты үйдің терезесінен секірмек болған.
Павлодардың №1 қалалық ауруханасы хабарлағандай, 7 тамыз күні науқасқа ота жасалды.
Әйелдің тірі қалған үлкен ұлы да ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, палатада балаға отбасының бір туысы күтім жасап отыр.
Еске салайық, 30 шілдеде Павлодарда әйел 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кетті.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болған.
Дәрігерлер балалардың жағдайы өте ауыр деп хабарлап, одан кейін балалардың кенжесі қайтыс болды.