Әлеумет

Бүгін Астананың екі ауданында электр қуаты уақытша өшіріледі

Бүгін, 6 тамыз күні Астананың Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу және электр монтаждау жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде электр қуаты уақытша өшіріледі.

Байқоңыр ауданында сағат 10:00-ден 17:30-ға дейін трансформаторлық қосалқы станциялар мен әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі. Нәтижесінде келесі көшелерде жарық уақытша ажыратылады: Өндіріс, Сарыжайлау (№34, 36), Теректі тұйығы, Ақбидай, Бейнеу, Сүгір Әлиұлы, Гүлзар тұйық көшесі, Ақсу-Жабағылы және Көкше Кеменгерұлы.

Сондай-ақ, таңғы 09:30-дан 10:00-ге дейін және кешкі 17:00-ден 17:30-ға дейін қысқа мерзімді ажыратулар Мусоргский, Киелисай, Бестау тұйық көшелері, Шортанды көшесі, Аршалы тұйығы, Ынтымақ және Жетісай көшелерінде жоспарланған.

Сарыарқа ауданында сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін электр беру желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар Абат-Байтақ, Оғылды, Оқжетпес, Қ. Байсейітова, Ш. Бейсекова, Нұрмұхамбет Қожахметов, Сұлтанбек Қажахметов, Мұса Жалел, Жарсуат тұйық көшесі, Шақпақ, Фахд бен Абдул Азиз, Ақан Сери, Гагарина, Дулатова, Мерейтой, Медеу, Аспара, Катонқарағай, Тобыл, Чехов және Орда көшелерін қамтиды.

Сонымен қатар, 6 және 7 тамызда сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін Қарасай батыр көшесіндегі 22/1, 24/2 үйлер мен Шынтас тұйық көшесінде монтаждау жұмыстары жоспарланған. Таңғы 09:30-дан 11:30-ға дейін Қарасай батыр 31/2, Конституция көшесіндегі 18А, 20/2, 22 үйлер мен Қарталы 3А, 3/1 мекенжайларында да жарық болмайды.

Сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі аралықта Көктал кентінің Шұғыла, Сұлукөл, Қайыңды, Алмалық және 12-95 көшелерінде жабдықтарды тексеру жұмыстары жүргізіледі, бұл аудандарда да уақытша электр қуаты өшіріледі.

Энергетиктер тұрғындардан түсіністік танытуды сұрайды.