Қоғам

Қосшыда 5 жасар бала суға батып кетті

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында 5 жасар бала суға батып кетті.

Қайғылы оқиға 3 тамыз күні Есіл өзенінде болғаны хабарланды. Балақайды судан туыстары алып шыққан. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Баланың суға батуына байланысты полиция сараптама тағайындады.

Ведомство ата-аналарға сақ болу қажеттігін ескертеді.