Әзірбайжан "Орынбор" атауын қазақша атауды талап етті
Әзірбайжан "Орынбор" атауын қазақша атауды талап етті
Әзірбайжан ТАСС агенттігін елдің аумақтық тұтастығына құрметсіздік танытты деп айыптады. Себебі агенттік Қарабақтағы теңізші-суретші Иван Айвазовскийдің ескерткішін бұзу туралы материалында Ханкендінің ресми атауының орнына "Степанакерт" атауын қолданған.
Осыған байланысты Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапынан кешірім сұрап, материалды түзетуді талап етті. Сонымен қатар ресейлік БАҚ жұмысына шектеу қоятынын ескертті.
Баку тарапы сондай-ақ Ресей қалаларының тарихи атауларын қолдануға құқығы бар екенін айтып, Орынбордың кезінде қазақтың астанасы болғанын еске салды.
Бұл жағдай Әзірбайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың тағы да шиеленісе түскенін көрсетеді. Екі ел арасындағы дипломатиялық дағдарыс 2024 жылы орын алған ұшақ апатына Ресейдің кінәсін мойындау талабымен, ресейлік журналистердің тұтқындалуымен және прокремльдік медиаларға қарсы рейдтермен қатар ушығып отыр.