Қыдырәлі мен Қарақаттың құшақтасқан видеосы желіде пікір туғызды
- авторОймақ
- 21 шілде, 2025
- 126

Әлеуметтік желілерде танымал әншілер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның бір-біріне жылы сезімін білдіріп, құшақтасқан видеосы тарап, көпшіліктің пікірін қақ жарып жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбада жұбайлар арасындағы махаббат пен жақындықты көрсететін сәт көрініс тапқан. Дегенмен, желі қолданушыларының кейбірі бұл әрекетті ерсі санап, қоғам алдында мұндай ашықтықты орынсыз деп бағалаған. "Ұят-ай", "Қартайғанда мұндай бола ма екен?" деген сын пікірлер де айтылды.
Ал керісінше, бір топ желі қолданушысы бұл – ерлі-зайыптылар арасындағы шынайы сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі екенін айтып, қолдау білдіріп жатыр. "Несі масқара? Бұл – махаббат", "Керемет жұп, жарасады" деген жағымды пікірлер де аз емес.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың қолданған заттарын көрсетті
- авторОймақ
- 29 шілде, 2025
Айнұр Тұрсынбаева гардеробын жаңартып, ескі көйлектерін сатылымға шығарды
- авторОймақ
- 29 шілде, 2025