сенбі, 21 маусым, 2025 17:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Аптап ыстық басталды: алдағы күндерге ауа райы болжамы

Аптап ыстық басталды: алдағы күндерге ауа райы болжамы
istockphoto
Қазғидромет алдағы күндері күн қатты ыстық болатынын айтады.

Қазгидромет 21, 22, 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігіндегі ауа райына циклон және атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, бұршақ та жаууы мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейеді, ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Ауа температурасы бойынша айтарлықтай өзгеріс болмайды. Күндіз термометр бағаны батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 18-30 градус жылыны, Қазақстанның орталығында 20-33 градус жылыны көрсетеді. 

Шығыста кейбір аудандарда 35 градусқа дейін қатты ыстық болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болады және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар