жұма, 20 маусым, 2025 21:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Адам қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылуы керек": Қаржаубай Нұрымов сұхбат берді

"Адам қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылуы керек": Қаржаубай Нұрымов сұхбат берді
Фото: istockphoto
Ол сот шешімі шыққаннан кейін журналист Руслан Өтепбайдың «Тәуелсіз бағдарламасына» барды.

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот шешімі шыққаннан кейін журналист Руслан Өтепбайдың «Тәуелсіз бағдарламасына» сұхбат берді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Адвокат Мейірман Шекеев  пен Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот процесі кезіндегі салғырттық, немқұрайдылық туралы айтты. Сондай-ақ  Қаржаубай Нұрымов қоғамдағы келеңсіздіктерді тілге тиек етті.  

«Адам қылмыс жасағаны үшін жауаптқа тартылмаса, қоғамда осылай қылмыс жасап жүре береді. Ұры-қарының өз «заңы» бар десек те... ауылда өстік. Ол кездегі бандиттердің өкіметке пайдасы болмаса да, қарапайым халыққа пайдасы бар еді. Қазіргі қылмыскерлердің бәрін айта алмаймын. Ішінде жақсысы да, жаманы да бар. Бірақ ішінде халыққа да, өкіметке де пайдасы жоқ бандиттер де бар. Ақшамен, таныспен (мәселені) шешіп жүре береді. Бай-батшаның қолшоқпарына айналып жүреді...», – дейді. 

Айта кетейік, Шерзат Полатты өлтірген Шынасыл 23 жылға, қалғаны 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар