
Бүгін Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Жарлы ауылында қайғылы оқиға орын алғаны туралы ақпарат тарады. Қоқысқа толы құдыққа құлаған қыз бала мен ер адам қаза тапқан. Көз жұмған ер адам еркін күрес бапкері — Нұрбол Бердіғалиев екені белгілі болды, деп жазады Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Baq.kz дерегінше, аулалардың бірінде тереңдігі шамамен 10 метр болатын, іші қоқысқа толы құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кеткен. Мұны көрген 1987 жылы туған ер адам бірден көмекке ұмтылып, өздігінен құдыққа түскен. Алайда, кейін өзі де қайта шыға алмай қалған.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, қыз баланы да, ер адамды да ес-түссіз күйде сыртқа алып шықты. Оларға жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлердің әрекетіне қарамастан екеуі де көз жұмды. Қайғылы жағдай Көлтабан ауылдық округінің аумағында болған. Қайтыс болған ер адам белгілі бапкер екенін "Auyl sport" жобасының Ғалымбек Жақсылық желідегі парақшасында жазды.
Марқұмның артында алты баласы қалды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.