Қоғам

Перизат Қайрат пен анасының ісіне қатысты тергеп-тексеру аяқталды

Іс прокуратураға жолданды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 19 наурызында процеске қатысушылар қылмыстық істің материалдарымен танысуға кірісті. Іс 109 томнан тұрады.

Бұған дейін хабарланғандай, ұрланған қаражаттың жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгені құрады.

Қылмыстық жолмен алынған құны 865 миллион теңге болатын барлық мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс Бас прокуратураға сотқа жолдау мәселесін қарау үшін жіберілді.