"Біз баршаға ашықпыз": Miss Qazaqstan байқауына трансгендерлер де қатыса алады
- авторОймақ
- Бүгін, 16:01
- 24

Оның айтуынша, байқауға 18 жастан асқан, бойы 165 сантиметрден жоғары барлық қыздар қатыса алады. Қатысу тегін – ешқандай жарна төлеу талап етілмейді, бұл талап аймақтық кезеңдерге де қатысты.
Біз баршаға ашықпыз. Байқауға трансгендерлер де, дәстүрлі сұлулық стандарттарына сай келмейтін бойжеткендер де қатыса алады. Бұл – әр адамның өз таңдауына байланысты. Егер адам өзін әйел ретінде сезінсе, онда ол байқауға қатысуға толық құқылы, – деді Рузаева.
Plus size форматындағы қыздарға қатысты пікіріне де тоқталған ол:
Олардың қатыса алмайтыны жөнінде кім айтқанын білмеймін. Керісінше, біз ерекше, харизмасы бар, әдемі қыздарды қуана қарсы аламыз. Өкінішке қарай, әзірге ондай арулар байқауға келмеді, бірақ біз күтеміз, – деді.
Айжан Рузаева халықаралық сұлулық байқаулары бұрынғы 90-60-90 стандарттарынан әлдеқашан бас тартқанын, ал қазақстандық байқау да сол үрдісті ұстанатынын еске салды.
Сонымен қатар ол басты талаптардың бірі – қатысушының тұрмыс құрмаған және баласы болмауы керектігін нақтылады.
Бұл – республикалық деңгейдегі байқау. Біз халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуіміз керек. Ал отбасылы немесе балалы әйелдер өздерін басқа, арнайы байқауларда көрсетуіне болады, – деп қорытындылады Рузаева.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.