
Жамбыл облысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді.
“Супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапкершілікке тартылды. Болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі дауыспен сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан. Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсіру блогер үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды”, – делінген полиция хабарламасында.
Қоғамдық тәртіп сақтау қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.