сейсенбі, 17 маусым, 2025 0:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

БАӘ мен Ресей арасындағы барлық рейстер тоқтады

БАӘ мен Ресей арасындағы барлық рейстер тоқтады
Фото: skytraxratings.com
БАӘ-нің Абу-Даби, Шарджа және Рас-эль-Хайма қалаларынан рейстер орындайтын Air Arabia әуе компаниясы БАӘ мен Ресей арасындағы барлық рейстерді 20 маусымға дейін тоқтатты.

Тасымалдаушы Ирак пен Иранға ұшуларды 30 маусымға дейін тоқтату туралы шешімді де ұзартты.

Ливан мен Иорданияға ұшатын тұрақты рейстер тиісінше 18 және 21 маусымда қайта ұша бастайды.

Шарджа немесе Абу-Даби арқылы транзитпен аталған екі елге бағыт алған жолаушыларға шығу әуежайында ұшуға рұқсат берілмейді.

Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапты. Осы мәселеге қатысты Air Astana компаниясы рейстер әуе кеңістігін айналып  ұшатынын хабаралаған еді.

Иран Израильге тағы да зымыран жіберді.

Бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігі, шекаралары және маңында ұшуға шектеу қоюына қарамастан, аталған мемлекетерге туристердің легі азаймай отырғанын айтты. Таяу шығысқа сапар алдында барлық тәуекел ескерілуі тиіс екенін ескертті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар