Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға ресми сапармен келді
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға ресми сапармен келді.
Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.
Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.