Қоғам

"Қаржаубайды ұрып кетті": ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желіде өтірік ақпарат тарап жатыр.

Әлеуметтік желіде Қаржаубай Нұрымовты «хуторлықтар» ұрып кетіп,  ауруханаға түсіп қалғаны туралы жалған ақпарат тарады.  Осыған қатысты Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  jasqazaq.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Қаржаубайға қатысты әлеуметтік желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар тарап жатыр. Аллаға шүкір, Қаржаубай аман-есен. Оған ешкім зиян келтірген емес. Сол себепті мұндай ақпараттарға сене бермеңіздер. Желіде өзге де жалған ақпараттар тарап жатыр. Біз осыған қатысты жақында түсініктеме береміз», —  Мейірман Шекеев.