Бүгін кей өңірлерде ауа сапасы нашарлайды
Бүгін бес қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады
Қазгидрометтің хабарлауынша, 2025 жылғы 16 маусымда Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.