дүйсенбі, 16 маусым, 2025 9:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

АШМ итбалықтардың қырылу себебін жариялады

АШМ итбалықтардың қырылу себебін жариялады
Фото: Аягөз Ізбасарова
АШМ итбалықтардың қырылу себебін жариялады

 

2022–2024 жылдары Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауынан табылған итбалықтардың қырылу себептері – созылмалы улану, жыртқыштар обасы, жедел пневмония және теңіз түбінен бөлінген табиғи газ салдарынан тұншығу. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. 

Итбалықтардың өмір сүруіне қауіп төндіретін басты факторлар – қолайсыз климаттық жағдайлар, әсіресе Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі. Сонымен қатар қыстың қысқаруы мен жалпы жылыну, қысқы уақытта кеме қатынасының артуы, балық аулау торларына түсуі және өзге де антропогендік факторлар итбалықтардың мұз үстінде көбейіп-өнуіне теріс әсер етіп жатыр.

– Итбалықтар санының азаюына - жануарлар иммунитетінің төмендеуі мен түрлі ауруларға, соның ішінде созылмалы улану мен жыртқыштар обасына бейімділігі әсер етті. Ғылыми ұйымдар мен құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған топ 2022 жылдың күзі мен 2023 жылдың көктемінде табылған Каспий итбалықтарының қырылуына басты себеп – иммунитеттің әлсіреуінен туындаған жұқпалы ауруларға бейімділік аясында дамыған жыртқыштар обасы мен жедел пневмония деген қорытындыға келді, - делінген хабарламада. 
Ал, 2024 жылдың күзінде қырылған итбалықтардың көбі қатты ыдырау сатысында болғандықтан, сапалы патологиялық материал алу мүмкін болмаған. Бірақ, кейбірінің азу тістері, жүн, тырнақтарына зертханалық сараптама жасалған. 

– Ғылыми ұйымдар өкілдерінің пікірінше, 2024 жылы табылған итбалықтардың жаппай қырылуына ықтимал себептер - құстар тұмауының жоғары патогенді вирусы, иммунитет тапшылығы аясында дамыған нейроинфекциялық аурулар және теңіз түбінен бөлінген табиғи газдан пайда болған, дем алуға жарамсыз ауа қабатының әсерінен болған тұншығу, - делінген министрлік таратқан мәліметте. 

Айта кететін жәйт, XX ғасырдың басында Каспий итбалығының саны - 1 миллиондай болған. Өкінішке орай, бүгінде ол 70–90 пайызға азайып кетті. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар