Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстанның жаңа гроссмейстері атанды,
- авторОймақ
- 26 мамыр, 2025
- 144

Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстанның жаңа гроссмейстері атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асты.
Шахмат федерациясының мәліметінше, Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Ол әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.
Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды — содан соң Бибісара қазақстандық әйелдер арасынан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Біріншісі — Жансая Әбдумалик.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025