Руханият

Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

Бұл туралы жігіттің сүйіктісі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет шаңырақ көтермек. Ол сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл туралы жігіттің сүйіктісі өз парақшасында жариялады.  

«I said yes! 05.05.2025», - деп жазды Ә. Мәулен әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әділет Майғазиев ұсыныс жасауға әдемі күнді таңдаған.

Айта кетейік, 27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен. Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні Жаңаөзеннің қызы. Руы адай, Әдия есімді бойжеткен.

Тойдың қашан болатынын Әділеттің досы Олжас Еспанов айтып қойған екен.

“Екі жақтың ата-аналары ресми түрде танысып, тәтті шай ішкен жоқ. Бірақ кездескендерін естідім. Тамыз айының аяғында үлкен тойды жоспарлап отыр”,  – деген еді Нұрлан Еспановтың ұлы