Елдік пен ерлікті дәріптейтін мереке – Мәулен Әшімбаев
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
– Құрметті достар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – елдік пен ерлікті дәріптейтін және баршамызды патриотизм рухымен жігерлендіретін қастерлі мереке.
«Отан қорғау – ер еншісі» дейді. Кең байтақ жеріміздің қауіпсіздігі мен егемен еліміздің тыныштығын күзеткен ерлеріміз қашан да осы жауапкершіліктің үдесінен шығып келеді.
Шын мәнінде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, біздің бүгінгі әскеріміз – батыр бабаларымыздың лайықты ізбасары.
Қуатты армиямыз – Тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны және мызғымас мемлекеттіліктің мығым тірегі. Алдағы уақытта да қорғанысымыз күшейіп, әскеріміздің айбыны асқақтай берсін!
Отаншылдық сезімді арттыра түсетін мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға бақ-береке тілеймін! Еліміздің іргесі әрдайым берік болсын!, – деп жазды Facebook-тағы парақшасында Сенат Төрағасы.