
Ұлты тәжік болса да, қазақ тілі мен тарихын жетік меңгерген жауынгер әскер қатарына Астана қаласынан шақыртылған.
Шахбоз қазақ, өзбек, тәжік, түрік, кәріс және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Оның айтуынша, әрбір тілді меңгеру арқылы ол сол халықтың мәдениеті мен болмысын тереңірек түсінуге тырысқан.
Әскер қатарында жүріп, бұл қабілетімді одан әрі дамытуға мүмкіндік алдым. Себебі Түркістан қаласына әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып келеді. Ал мен қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде шетелдіктерге жиі көмектесіп тұрамын. Бірнеше тіл білгеннің арқасында оларға заң мен ережені түсіндіруде еш қиналмаймын, – дейді қатардағы Ш. Сатыбалдиев.
Жауынгердің ерекше қабілеті мен әскери тәртіпке деген жауапкершілігі ұжым ішінде жоғары бағаланып отыр.
Айта кетейік, 5574 әскери бөлімінің жауынгерлері жыл басынан бері Түркістан қаласында 300-ден астам құқық бұзушыны анықтаған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Онлайн саудаға қойылатын талапты қатаңдату қажет – Нұрсұлтан Байтілесов
- авторОймақ
- 30 сәуір, 2025