Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары: байқауға өтініш беру басталады
- авторОймақ
- 30 сәуір, 2025
- 556
Биыл жылдағы дәстүрге сәйкес Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы беріледі. Байқауға өтінішті 2 мамырдан бастап беруге болады. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.
Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады. Айта кетерлігі, үміткерлер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады.
Конкурсқа 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Қосымша мәліметтер Ақорданың ресми сайтына 2 мамыр күні жарияланады, – деп жазды Р. Желдібай.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Әлия туралы комикс жасады
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан келіссөз жүргізді
- авторОймақ
- 11 желтоқсан, 2025
Нұртөре Жүсіп «Qazaq tili» халықаралық қоғамының құрылтайына қатысты
- авторОймақ
- 10 желтоқсан, 2025






