"Жел күшейіп, бұршақ түсуі де мүмкін": 22-27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторОймақ
- 26 сәуір, 2025
- 109

"Қазгидромет" РМК мамандары елімізде алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ түсуі де мүмкін.
Нөсер жаңбыр мына өңірлерде жауады:
• 27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында;
• 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында.
Республикамыздың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз болып, түнде үсік жүреді деп болжанады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
«100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы басталды
Ұқсас жаңалықтар
Онлайн саудаға қойылатын талапты қатаңдату қажет – Нұрсұлтан Байтілесов
- авторОймақ
- 30 сәуір, 2025