
Астана әкімі тұрғындармен кездесті.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуде LRT-да жол жүру ақысы шамамен қанша теңге болатынын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
"LRT-да жол жүру ақысына келсек, жобамен баға белгіленген. 100 теңгеден 200 теңгеге дейін... Әзірге сол баға қала береді", - дейді Жеңіс Қасымбек.
Айта кетейік, бұған дейін CTS ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев биылғы қыркүйек айында LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу жоспарланып отырғаны айтылған еді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала