
Түркістан облысы полиция департаменті Сарыағаш қаласындағы даун синдромы бар баланың соққыға жығылуына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылар полицияға жеткізіліп, оның ішінде заңды өкілдерінің қатысуымен жауаптар алынды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде, нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ бұған дейін полицияға осы факт бойынша ешкім арыз-шағым түсірмегені анықталды. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, – дейді Qaz365.kz сауалына жауап берген құзырлы мекеме.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
"Ұлы дала жорығына" 15-ке жуық ел қатысады
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025