
Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, Ақтау әкімінің экс-орынбасары Тимур Сәдуақасовтың Обухов тау-кен байыту комбинатында заңсыз өндіру ісіне қатысы бары анықталған.
2024 жылдың желтоқсанында сот оны кінәсіз деп тапқан. Алайда кейін прокуратура апелляциялық шағым түсірген соң қаңтарда оны қамауда ұстау туралы шешім шығарылған.
Бүгінде оған шенеуніктерге 225 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген айып тағылып отыр.
Еске сала кетейік, Сәдуақасов 2019 жылдың ақпан айынан бері Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025