Нұрқаділов пен Жүнісованың неке қию сәті түсірілген бейне жазба тарады
- авторОймақ
- 14 қаңтар, 2025
- 675

Күні кеше Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова 62 жасқа толды. Туған күнін анасының, жақындарының жанында тойлаған әнші әлеуметтік желіге де көп естеліктерін салған, деп жазады Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
Мақпал Жүнісова тоқсан жасқа таяған анасының оны құттықтаған сәтінен бірнеше видео түсіріп алып, оны айна-қатесіз, яғни, монтаждамай жеке парақшасына жүктеген. Одан басқа Мақпал Жүнісова жас кезіндегі суретін, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын, құрбы-құрдастарының үйіне құттықтап келген видеоларын жариялаған.
Ал, өнердегі өзінен үлкен-кіші әріптестерінің құттықтау видеоларын жүктеген Мақпал Жүнісова ол кадрларды марқұм Заманбек Нұрқаділовпен неке қидырған сәтіндегі суретімен бастаған. Бұл суретті әнші осыдан бес жыл бұрын бір рет таратып, алайда, белгісіз себептерге байланысты оны жойып тастаған екен.
Ал туған күніне арналған видеолар арасында осы фрагментті көрсеткен әнші көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Бес баласын тастап қайда кетеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні туралы айтты
- авторОймақ
- 15 қыркүйек, 2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ҚАДАМДАР ЖАСАЛДЫ
- авторОймақ
- 15 қыркүйек, 2025