Әлеумет
                                    
                                        
                                            
                                        
                                    
                                
                                Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы анықталды
- авторОймақ
 - 6 қаңтар, 2025
 - 650
 
                                    Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы 14 жасақа дейінгі балалардан анықталды.
                                Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар ауырған.
Санитарлық дәрігерлер аймақ тұрғындарын инфекцияның таралу қаупін азайту үшін алдын-алу шараларын қолдануға шақырды.
Атап айтқанда:
үй-жайларды желдету;
адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;
науқастармен байланысты шектеу және оларды оқшаулау;
Балаларға ерекше назар аудару, суық тию белгілері пайда болған кезде оларды балабақша мен мектептерге жібермеу сұралады;
Егер жағдай нашарласа, медициналық көмекке жүгіну керек.
                                    Автор
                                    
                            Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
                                                Келесі мақала
                                                
                                        





