
Алматы қаласында тағы да жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуі сағат 11:22-де тіркелген, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz
ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр.
«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде», - делінген Алматы қалалық ТЖД таратқан хабарламада.
Жер сілкінісінен ЖОО студенттері ғимаратты тастап шықты.
Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы "Жиын" сигналы бойынша көтерілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ және жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізілуде
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Досаев шұғыл жиналыс өткізіп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев отандастарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады
- авторОймақ
- 1 мамыр, 2025
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары: байқауға өтініш беру басталады
- авторОймақ
- 30 сәуір, 2025