
Әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Қазақстанға келді.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева Мэй Масктың тұсау кесіп жатқан видеосын жариялады.
Әйгілі Илон Масктың анасы қазақтың салт-дәстүріне де куә болды. Ол кішкентай бүлдіршін қыздың тұсауын кесіп, алғашқы қадамына себепкер болды.
Айта кетейік, Мэй Маск Алматыға алғаш рет өтетін «BeWoman» әйелдер форумында сөз сөйлеу үшін келді.
Ол сұхбат форматындағы 45-минуттық сессияда денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, баланы жалғыз тәрбиелеу, қиындықты жеңе білу жайлы баяндайды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Руханият
"Бес баласын тастап қайда кетеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні туралы айтты
- авторОймақ
- 15 қыркүйек, 2025
Руханият
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ҚАДАМДАР ЖАСАЛДЫ
- авторОймақ
- 15 қыркүйек, 2025