Алматыда есірткі заттарын сақтады деген күдікпен үш оқушы қыз ұсталды
Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.
Алматыда есірткі заттарын заңсыз сақтап, жасырын орындарға орналастырды деген күдікпен үш кәмелетке толмаған қыз ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, ұсталған қыздар 12, 14 және 15 жаста. Олар мектептің 7 және 9-сыныптарында білім алады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бас прокуратура есірткі бизнесіне қатысушылар интернетте өздерін жасырын ұстаймыз деп ойлағанымен, олардың әрбір әрекеті цифрлық із қалдыратынын ескертті. Есірткі сататын интернет-дүкендерге кіру және олардың әкімшілерімен хат алмасу да құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды.
Ведомство азаматтарды, әсіресе жасөспірімдерді оңай ақша табу туралы күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырды.