Қоғам

Алматыда үй өртеніп, бес адам қаза тапты

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес адам қаза тапты. Олардың арасында кәмелетке толмаған бір бала бар, деп хабарлайды Oimaqnews.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт өткен түні Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға департаменттің 35-ке жуық қызметкері мен 9 арнайы техника жұмылдырылған.

Оқиға орнынан бес адамның денесі табылды. Қаза тапқандардың бірі – кәмелетке толмаған бала.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті әзірге қаза тапқандардың жеке басы, олардың өзара туыстық байланысы және өрттің неден тұтанғаны туралы қосымша ақпарат берген жоқ.