Әлеумет

Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешілетінін айтты

Бұл мәселе кезең-кезеңімен шешіледі.

Қазақстанда әлі де 36 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Сонымен қатар елімізде 27 апатты мектеп бар. Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселелерді 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен шешуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Айқожа Әбсадықов мәлімдеді.

Брифинг барысында үш ауысымды мектептердің басым бөлігі Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланғаны айтылып, аталған өңірлердегі мәселенің нақты қашан шешілетіні сұралды.

Айқожа Әбсадықовтың айтуынша, соңғы жеті жылда елімізде апатты мектептердің саны екі есеге, ал үш ауысымды мектептердің саны бес есеге қысқарған. Осы кезеңде 48 апатты және 133 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілген.