Қоғам

Қазақстанда 5 мыңнан астам жазылушысы бар жасырын парақша иелерін тіркеу ұсынылды

Қазақстанда әлеуметтік желіде аты-жөнін көрсетпей парақша жүргізетін адамдарға жаңа талап енгізілуі мүмкін.

Егер олардың 5 мыңнан астам жазылушысы болса, кім екенін анықтауға қажетті деректерін беріп, тіркелуі керек болады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Бұл талап онлайн-платформалар мен масс-медиа туралы заң жобасында қарастырылған. Бастапқы нұсқада 5 мыңнан астам жазылушысы бар барлық аккаунтты тіркеу ұсынылған. Кейін депутаттар талапты иесі белгісіз парақшаларға ғана қолдануды ұсынды.

Қырықбаевтың айтуынша, көптеген парақшаның кімге тиесілі екені онсыз да белгілі. Сондықтан ұсыныс авторы белгісіз аккаунттардың иесін анықтауға бағытталған.

Бұл талап әзірге заң жобасы аясында талқыланып жатыр.