Қоғам

Астанада оқушы мектепке пышақ алып келген

Жеткіншектің мектепке пышақты қалай алып кірген әзірге белгісіз.

Астанада мектеп оқушысы сыныптастарына пышақ ала жүгірген. 11-сыныпта оқитын қыз білім ордасына пышақ әкелген. Екі оқушы зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Астанадағы №102 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Эльмира Сұлтанованың айтуынша, оқушылардың ешқандай оғаш тірлігі байқалмаған.

Телеарна мәліметінше, жеткіншектің мектепке пышақты қалай алып кірген әзірге белгісіз. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Білім ордасындағы күзет қызметінің жұмысы да тексерілуде.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған екі оқушы дәрігерлердің қарауынан кейін амбулаториялық ем алуға жіберілген. Ал пышақ ала жүгірген қыз профилактикалық есепке алынып, психикалық денсаулық орталығының мамандарына жолданды. Бұған қоса оның заңды ата-анасы бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін жауапқа тартылды.