"Биыл елімізде 355 буллинг дерегі анықталды": бұл Құрылтайдағы брифингте айтылды
Барлық дерек бойынша ата-аналар жауапқа тартылды.
ІІМ ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков Құрылтайдағы брифингте Қазақстанда балалар бір-біріне жиі буллинг жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, барлық дерек бойынша ата-аналар жауапқа тартылды.