Руханият

"Менің байлығым - отбасым": танымал әзілкеш отбасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Әзілкеш Мансар Орынхан отбасындағы жағдайға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, отбасын сақтап қалу үшін бар күшін салып жүргенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әзілкештің жұбайы Нұрайым Халила әлеуметтік желіде жан сырын ақтарып, күйеуінің бірнеше күннен бері үйге келмей, өзімен байланысын үзгенін мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, бұл жағдай алғаш рет қайталанып отырған жоқ. Жұбайының жазбасынан кейін Мансар Орынхан да үнсіз қалмай, отбасын өзі үшін ең үлкен байлық санайтынын жеткізді.