Әлеумет

Астанада екі қыз терезеден секіріп кеткен

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Астанада тұрғын үйдің терезесінен екі қыз құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға суицид жасау әрекеті болуы мүмкін, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Тұрғын үй кешенінің тұрғындарының бірі Threads желісінде бұл жағдай туралы достары мен оқиғаның куәгері болған көршілерінен естігенін жазған.

Астана қалалық полиция департаменті суицид жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.