Саясат

Мемлекет басшысы бір топ спортшыны мемлекеттік наградамен марапаттады

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындарында және Азия параойындарында көрсеткен жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшыға мемлекеттік марапаттар тапсырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«Парасат» орденімен 

Берульцева Софья Полихроновна – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы;

«Құрмет» орденімен 

Луценко Алексей Александрович – шосседегі велоспорттан жекелей жарыстың және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы

Проходов Кирилл Дмитриевич – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы

Сертай Ерлік Асқарұлы – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы

Чернухин Иван Сергеевич – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы

Яковлев Владислав Павлович – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен 

Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы

Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы

Ермұханбет Наиль Мадьярұлы – паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы

Калаус Анастасия Андреевна – паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы

Кенжебек Диас Ерболатұлы – паражүзуден алтын медаль иегері, Астана қаласы

Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы

Нұрмаханұлы Ибрагим – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы

Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы

Сұлтанова Рината Станиславовна – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы

Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы – жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы, Астана қаласы

Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы – таеквондодан алтын медаль иегері, Алматы қаласы

Шарлаимов Вадим Вадимович – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы

Шынбаев Қадырбек Айбекұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы;