TikTok желісінде былапыт сөз айтқан бойжеткенге айыппұл салынды
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасаған азаматша Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Азаматша Б. TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында былапыт сөздер айтып, осылайша айналасындағыларға және әлеуметтік желі пайдаланушыларына анық құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
Сот отырысында азаматша Б. өз кінәсін мойындап, бұған дейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмағанын түсіндірді және тағайындалған айыппұлды төлеуге дайын екенін білдірді.
Сот қаулысымен азаматша Б. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.