бейсенбі, 5 қараша, 2026 12:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда полицияға қарсылық көрсеткен ер адам қамауға алынды

Алматыда полицияға қарсылық көрсеткен ер адам қамауға алынды
istockphoto
Желіде тараған бейнежазбадан күдіктінің өзін ұстап тұрған тәртіп сақшысын ұрып жібергенін көруге болады.

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде полиция қызметкерлеріне ер адам қарсылық көрсеткен.

Желіде тараған бейнежазбадан күдіктінің өзін ұстап тұрған тәртіп сақшысын ұрып жібергенін көруге болады.

Бұл жағдайға байланысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Ресми жауапқа сәйкес, Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы «102» арнасына хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел түрде жеткен. Оқиға орнында құқық бұзушылардың бірі полицияның заңды талаптарын орындаудан бас тартып, оларға қарсылық танытқан.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі, — деп хабарлады полициядан.

Полиция қызметтік міндеттерді атқару кезінде тәртіп сақшыларына күш қолдануға жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар