Руханият

Қуат Хамитов "Қазақ аруы" байқауының атауын ауыстыруды ұсынды

Спортшы қатысушылардың байқауға келудегі мақсатына қатысты жеке пайымын білдірді.

Спортшы Қуат Хамитов Алматыда өткен “Қазақ аруы – 2026” байқауына қатысты пікір білдіріп, оның атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында “Қазақ аруы” атауы тұтас ұлтқа қатысты екенін айтып, байқаудың мазмұны мен қатысушыларына көңілі толмайтынын жеткізді.

Спортшы қазақ қыздарының арасында көркімен де, тәрбиесімен де ерекшеленетін, байқауға лайық бойжеткендер көп екенін айтты. Сонымен бірге қатысушылардың байқауға келудегі мақсатына қатысты жеке пайымын білдірді.