Қоғам

Ақмарал Әлназарова Ташкентте ауруханаға түскен қарағандылық балаларға қатысты түсінік берді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ташкентте ауруханаға түскен қарағандылық балалардың жағдайына қатысты түсінік берді.

— Осы жағдай бойынша бірден Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжановпен байланысқа шықтық. Балалардың денсаулық жағдайын біздің ведомство бақылауда ұстап тұр. Олардың алып жатқан ем-домы еліміздің хаттамасына сәйкес келеді. Қазір спортшылардың жағдайы тұрақты. Бүгін вице-министр онлайн режимде конференция өткізіп, әр баланың денсаулығына қатысты ақпарат алды, — деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, дәл қазір жас спортшыларды Қазақстанға тасымалдау мәселесі көтеріліп жатқан жоқ, деп хабарлады Қазақпарат.

— Бұл мәселесе көтерілсе, бұған дайынбыз. Осы ақпарат шыққан бойда, Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы ауруханаларда тиісті орын жасақталған еді. Қажет дәрі-дәрмек пен дәрігерлер де бар. Балалар тамақтан уланған. Бұған қатысты көрші елде қосымша зерттеу жүріп жатыр. Қазір балалардың өміріне ешқандай қауіп жоқ, — деді министр.