Әлем

Армения ҰҚШҰ-ға қайта оралуды көздеп отырған жоқ — Арарат Мирзоян

Армения өз ұстанымын өзгертпейді және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қайта оралуды көздеп отырған жоқ.

Бұл туралы елдің Сыртқы істер және халықаралық сауда министрі Арарат Мирзоян мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.

Арарат Мирзоян Ереванда Словенияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Тоне Кайзермен кездесу өткізіп, кейін олар бірлескен баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді. Онда министр ҰҚШҰ аясындағы мәселелерге қатысты да пікір білдірді.

Еске салайық, таяуда Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ұйымға мүше басқа елді оның құрамынан шығаруға құқығы жоқ екенін мәлімдеп еді.