Сауд Арабиясында екі шетелдік азаматы өлім жазасына кесілді
Бангладештің Сыртқы істер министрлігі Меккеде екі азаматына қатысты өлім жазасының орындалуына байланысты Сауд Арабиясының елшісінен түсініктеме сұрады.
Министрлік бұл туралы жаза орындалғаннан кейін ғана білгенін мәлімдеді, деп хабарлайды The Daily Star.
Басылымның 18 қазандағы ақпаратына сәйкес, Бангладештің сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Шама Обаэд Ислам журналистерге Сауд Арабиясының елшісімен кездесу өткенін айтқан.
Бангладештің Сауд Арабиясындағы дипломатиялық өкілдігі министрлікке жолдаған мәліметте екі азаматқа Меккедегі мешітте зина жасады деген айып тағылғаны көрсетілген. Кейін олар қамауға алынып, сот үкімімен өлім жазасына кесілген.
Бангладеш СІМ-нің мәлімдеуінше, министрлікке де, елдің Сауд Арабиясындағы өкілдігіне де сот процесі туралы алдын ала хабар берілмеген. Дакка 14 қазанда орындалған өлім жазасы туралы кейін біліп, Сауд Арабиясынан істің мән-жайын түсіндіруді сұраған.
Кездесу барысында елшіге түсініктеме сұралған ресми дипломатиялық нотаның қағаз нұсқасы табысталған. Бұған дейін құжат электронды арналар арқылы жіберілген.