Құжат Сенатқа ұсынылды.
Төменгі палата баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, соңғы жылдары ұйымдар, мекемелер және жеке тұлғалар ресми формаларға ұқсайтын киімдерді жиі пайдалана бастаған. Тіпті өз жұмыскерлері үшін осындай киімдерді енгізген ұйымдар да бар.
— Бұл азаматтарды адастыруы, мемлекеттік органдардың беделіне кері әсер етуі және жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметшілердің атын жамылып, халықтың сенімін теріс пайдалануына мүмкіндіктер жасауы мүмкін. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілерді басқа адамдардан ажырату қиындай түседі, — делінген мәлімдемеде.
Ұсынылып отырған ережелер, ең алдымен, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметтің беделін сақтауға және ресми форманы заңсыз және өз мүддесіне пайдаланудың алдын алуға бағытталған. Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың бекітілген әскери немесе ведомстволық киімдеріне өте ұқсас, сондай-ақ оларға тән айырым белгілері және (немесе) нышандары бар киімдерді енгізгені немесе қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындау ұсынылады.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда кітап оқығаны үшін әскердегі қызмет мерзімі қысқаруы мүмкін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды
- авторОймақ
- 13 қазан, 2026






