АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Майамиде өтетін G20 саммитінен кейін Қазақстанға толық форматтағы сапармен келуге мүдделі екенін растады. Бұл туралы ол Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу барысында мәлімдеді.
Кездесуде тараптар екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға назар аударылды.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты қатынастардың оң қарқынын атап өтіп, тауар айналымын ұлғайтуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың 2025 жылғы қарашадағы кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды.
Мұхтар Тілеуберді америкалық инвестициялар мен озық технологияларды тартудың маңызын атап өтті. Оның ішінде энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға басымдық берілді.
Бұдан бөлек, тараптар Майамиде өтетін G20 саммитіне дайындық мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу қорытындысында екі ел өкілдері кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайтып, бірлескен жұмыста нақты нәтижелерге қол жеткізуге ниетті екенін растады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Қазақстан мен Камбоджа арасында тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды
- авторОймақ
- 17 қазан, 2026






