Руханият

Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы тағы сөз болды

Желіде Жігер Ауыпбаевтың әйелімен жүрген видеосы тарады.

Кадрдан Жігер мен әйелінің бөлек жүргенін, жас келіншектің жол жүгін өзі сүйреп жүргенін байқауға болады. Желі қолданушылары осы тұста Жігерді «әйеліне көмектеспейді» деп сынға алды.

«Жігерге ендігі қызық емес сияқты ғой», «Күйеуіміз қарапайым пакетті де көтерткізбейтін шүкір екенбіз», «Алғанша жаным дейді, алғаннан кейін жаныңды жейді», «Танымайтын адам сияқты кетіп бара жатыр ғой», «Қызығы бітті дейсің ғой», «Дәп-дәу болып екі чемоданды да ұстаса қайтеді», деді көпшілік.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев бірінші әйелінен ажырасқаннан кейін өзінен бірнеше жасқа кіші хиджабтағы қызға үйленген еді.